Антифрод-орталық 2,8 млрд теңгенің күдікті операцияларын бұғаттады
Антифрод-орталық алаяқтық операцияларды анықтау бағытындағы жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 қаңтардағы жағдай бойынша Антифрод-орталық алаяқтық белгісі бар 80,8 мың транзакцияны, сондай-ақ есірткі саудасы мен заңсыз ойын бизнесіне және қаржы пирамидасына қатысты 19,8 мыңға жуық оқиғаны тіркеді. Антифрод-орталықтың жұмысы арқасында 2,8 млрд теңге дер кезінде бұғатталды, алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға жарты миллиардтан астам теңге қайтарылды», делінген хабарламада.
Антифрод-орталықтың бірыңғай контуры аясында алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл процесінің негізгі қатысушылары, оның ішінде қаржы нарығының, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен ұялы байланыс операторларының өзара іс-қимылы жолға қойылған.
Еске сала кетсек, құқық қорғау органдары интернет алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті.