18.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматылық спорт ардагері әлем чемпионаттарындағы жеңісі үшін тиесілі төлемдерді сот арқылы өндіріп алды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматылық спорт ардагері әлем чемпионаттарындағы жеңісі үшін тиесілі төлемдерді сот арқылы өндіріп алды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысқан алматылық спортшы-ардагер грек-рим күресінен әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болғаны үшін ақшалай сыйақы алу құқығын сот арқылы қалпына келтірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Алматы соттарына сілтеме жасап. 

Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысқан алматылық спортшы-ардагер грек-рим күресінен әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болғаны үшін ақшалай сыйақы алу құқығын сот арқылы қалпына келтірді.

Ол 2017 және 2018 жылдары Болгарияның Пловдив және Ресейдің Пермь қалаларында өткен грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында («С» дивизионы) бірінші және екінші орынды иеленген. 2018 жылы спортшыға Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері атағы берілген.

Осы жетістіктерге қарамастан, уәкілетті орган талап қою мерзімінің өтіп кеткенін алға тартып, ақшалай ынталандыруды төлеуден бас тартқан. Спортшы бас тартуға байланысты сотқа шағым түсірген.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты іс материалдарын мұқият зерделей келе, талап қоюшы жоғары санатты спортшы екенін, оның әлем чемпионаттарына қатысуы және жүлделі орынға ие болуы Қазақстан Республикасының Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ресми жазбаларымен расталғанын анықтады.

Сот салалық заңнама Қазақстанның атынан қатысып, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған ардагер-спортшыларға сыйлықақы төлеуге тыйым салмайтынын немесе шектемейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, уәкілетті органның талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қатысты уәждері жарамсыз деп танылды, өйткені азаматтық заңнама әкімшілік бағыныстылыққа негізделген қатынастарға қолданылмайды. Сонымен қатар, сол уақытта қолданыста болған Ережелер төлемге өтініш беру мерзімін қарастырмаған.

Нәтижесінде сот уәкілетті органның бас тартуын заңсыз деп танып, жүлделі орындарға ақшалай сыйақы төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ талап қоюшыға төленген мемлекеттік бажды қайтаруды міндеттеді.

Апелляциялық саты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗