27.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда қайырымдылық қорының басшысы жасөспірімге базарда қаражат жинатқан

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда қайырымдылық қорының басшысы жасөспірімге базарда қаражат жинатқан

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Алматыда қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді қалалық базарда қоғамдық қайырымдылық акциясына қаражат жинауға тартқан, деп хабарлады Elordainfo.kz Алматы соттарына сілтеме жасап. 

Осылайша қайырымдылық қызметін реттейтін заң нормаларын айналып өтіп, кәмелетке толмағандар азаматтарды қайырымдылыққа шақырып, шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
 
Нәтижесінде жасөспірім әкімшілік заңнаманы бұзуға байланысты жағдайға тап болған. Бұл іс бойынша қор директорына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
 
Сот отырысында қор директоры өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Әкімшілік құқық бұзушылық жинақталған дәлелдемелермен, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімнің және директордың өз сөздерімен расталды.
 
ӘҚБтК-нің 128-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.
 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлінің жеке басын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оны кінәлі деп танып, 196 мың теңгеден астам айыппұл салды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗