Алаяқтық жасаған сотталушының жазасын жеңілдету туралы қаулы күшін жойды

Бүгін, 14:54
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Алаяқтық жасаған сотталушының жазасын жеңілдету туралы қаулы күшін жойды
Фото: freepik.com

Ақмола облыстық соты Степногорск қалалық сотының қаулысына прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Алқа анықтағандай, 2023 жылғы 13 ақпандағы үкіммен Б. аса ірі мөлшердегі бірнеше рет жасалған алаяқтық және жалған құжаттарды жасау қылмыстары үшін 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Жазаның аяқталу мерзімі – 2030 жылы.

2024 жылғы 26 қарашада Степногорск қалалық соты қалған жаза мерзімін 5 жыл 2 ай 2 күнді бостандығын шектеу жазасына ауыстырған.

Облыстық соттың алқасы аталған қаулының күшін жойды.

Сот актісін қайта қарау барысында келесілер анықталды:

- сотталған Б. 2018 жылы алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Оған мемлекет тарапынан гуманизм актісі қолданылып, ҚК-нің 72-бабы негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

- жазасын өтегеннен кейін Б., қайтадан ауыр қылмыс жасаған, бұл оның түзелу белгілерінің болмағанын көрсетеді. Оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы (рецидив) танылған.

- мінез-құлқының үш дәрежесінің тек біріншісі ғана оң болуы, екі көтермелеу, ақшалай өндіріп алудың ішінара өтелуі Б.-ның толық түзелуін білдірмейді және ҚК-нің 73-бабын қолдануға жеткілікті негіздер болып табылмайды.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, бірінші саты сотының қаулысы заңсыз әрі негізсіз болуына байланысты күшін жойды.