Header Banner

Ақмола облысында бірқатар аатожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бүгін, 17:53
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақмола облысында бірқатар аатожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда жол жабылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

«19 қараша сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-159 шақырымы аралығында (Астана қаласы - Ерейментау қаласы) автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада. 

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолды 2026 жылы 20 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Мамандар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын қаперге береді.