03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алғанын айтты

|
Photo: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алғанын айтты

|
Photo: Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аида Балаевадан елімізде гастрольдік сапарларда әлемнің қай жұлдызын көргісі келетінін сұрады. Министр әркімнің талғамы әртүрлі деп жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұл Қазақстанның шетелде танымал болуына әсер ететіні сөзсіз. Әртістердің жанкүйерлері көп болғандықтан олар Қазақстанға келіп, қолдау көрсетеді. Бұған Димаш Құдайбергеннің концерттері мысал бола алады. Оның Қазақстан туралы айтқан сөздері арқылы бүкіл әлемге танылады. Әрине, мен министр ретінде бизнестің мұнымен айналысып жатқанына қуаныштымын. Біз барлық жағынан көмек көрсетеміз», - деді Аида Балаева.

Министр Дженнифер Лопестің концертіне қуана баратынын айтты.

«Ол – әлем мойындаған және үлкен аудиториясы бар әнші. Оның өнерін өз көзіммен көргім келеді. Мен билет сатып алып қойдым. Концертке балаларыммен бірге барамын», - деді министр.

Сонымен қатар Аида Балаева Шакира мен Лара Фабиан секілді әлемдік жұлдыздардың концерті өтсе деген тілегін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗