2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға 4 туркомпанияға рұқсат берілді

2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға 4 туркомпанияға рұқсат берілді
Pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысатын туроператорларды іріктеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz басқарманың сайтына сілтеме жасап.

«Іріктеу жұмысын арнайы құрылған комиссия жүргізді, үміткер туроператорлардың қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастырудағы жыл бойғы қызмет көрсеткіштері мен оң тәжірибесі, ресми тәртіпте алған туркодтары, тиісті лицензияларының жарамдылығын «Туристік Қамқор» корпоративті қоры анықтады.

Сонымен қатар туроператорлардың ұйымдастырушылық қабілеті және белгіленген талаптарға сәйкестігі сараланды. Сауд Арабиясы тарапынан қажылықты ұйымдастырушыларға қойылатын нақты талаптар да сақталды», делінген хабарламада.

Дербес комиссия мүшелері белгіленген тәртіпке сай туроператорларды балдық жүйемен бағалап, қажылық орындарын бөлді.

2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға лайықты деп танылған туроператорлар:

«Атлас Туризм» ЖШС

«Нұрхан Тревел» ЖШС

«Тауаф Тревел» ЖШС.

«Хикмет Тревел» ЖШС.

Еске сала кетсек, Астанада қажылыққа апарамын деп 37 азаматты алдағандар сотталды.