Астанада Ветеринариялық қызмет пен мал шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты іс-шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірлерінен келген саланың ардагерлері қатысты.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан қатысушыларды Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтады.
Салтанатты рәсім мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстаумен аяқталды.