2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесі дайындалды

Бүгін, 12:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесі дайындалды
Фото: Cұлтан Сейіт

Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындады. Құжатта еліміздің 20 өңірінде өтетін 55 ірі іс-шара қамтылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Күнтізбе ішкі туризмді насихаттауға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді дамытуға бағытталған. Іс-шараға мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық бағыттағы түрлі оқиғалар енгізілген. Бұл туристерге жеке қызығушылықтары мен маусымдық ерекшеліктерін ескере отырып, сапар бағыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жоспарланған бастамалардың басым бөлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Мұндай іс-шаралар өңірлерге деген қызығушылықты қалыптастырып, оқиғалар күн тәртібінің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобалардың көпшілігі бизнес өкілдерінің қатысуымен немесе демеушілігімен ұйымдастырылады. 

Туристерге ыңғайлы болу үшін туристік күнтізбе енгізілген event.qaztourism.kz веб-ресурсы әзірленді. Платформа арқылы іс-шараларды күні, өңірі, санаты және ауқымы бойынша ыңғайлы әрі жедел таңдауға болады.

Айта кетейік, мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін мына сілтеме арқылы көруге болады.