18 мыңға жуық қазақстандық қан доноры болды
Денсаулық сақтау министрлігі бастамашы болған «Донор бол да үміт сыйла» атты ақпан айындағы акцияның шеңберінде шамамен 18 мың азамат ерікті түрде қан доноры болуға ниет білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2–27 ақпан аралығында республика бойынша 17 990 адам толық қанды тапсырды.
Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына:
• эритроцит құрамы бар компоненттердің 15 901 дозасы;
• плазманың 11 487 дозасы;
• тромбоциттердің 4 347 дозасы берілді.
«Дайындалған қан компоненттері хирургиялық араласуларды қажет ететін, онкогематологиялық және гематологиялық аурулары бар пациенттерді емдеуге, сондай-ақ, шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге бағытталды. Донорлық айын өткізу өтеусіз ерікті донорлық мәдениетін нығайтуға, азаматтардың донацияның әлеуметтік маңызы туралы хабардарлығын арттыруға және елдің медициналық ұйымдарында қан компоненттерінің тұрақты қорын қалыптастыруға ықпал етеді», - деп жазылған ақпаратта.
Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор атанып, жалпы саны 250 мыңнан астам қан және оның компоненттерін тапсырады. Жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке қан құю жүргізіледі. Көпшілігі үшін бұл — сауығудың жалғыз мүмкіндігі.
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы аптада қызылшаның тіркелуі 25 пайызға азайғанын мәлімдеді.