03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

14 желтоқсаннан бастап «Астана – Омбы» бағытында пойыз қатынайды

|
Photo: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

14 желтоқсаннан бастап «Астана – Омбы» бағытында пойыз қатынайды

|
Photo: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

14 желтоқсаннан бастап №145/146 «Астана – Омбы» жолаушылар пойызы жолға шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыз аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Құрамында 3 купе және 5 плацкарт вагоны бар. Бір бағытта шамамен 400 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік бермек.

«Жаңа бағыттың ашылуы – халықтың көлікпен қатынау мүмкіндігін арттыруға, вагондар паркін тиімді пайдалануға және маршруттық желіні кеңейтуге бағытталған. Пойыз заманауи, қауіпсіздік және жайлылық талаптарына толық сай вагондардан жасақталады», - делінген хабарламада.

Билеттерді ресми сайттан немесе теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 байланыс орталығына хабарласу қажет. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтер сайттағы онлайн-таблода қолжетімді.

Бұған дейін «Алматы – Новосибирск» бағытына жаңа жолаушылар вагоны жолға шыққанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗