00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Зәр мен нәжіс берген»: Омбудсмен қорлық көрген асыранды балаларға қатысты мәлімдеме жасады

3 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
«Зәр мен нәжіс берген»: Омбудсмен қорлық көрген асыранды балаларға қатысты мәлімдеме жасады
фото: Д. Закиева/facebook

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Шымкент қаласында балалардың асырап алушы ата-анасы тарапынан қорлық көруіне қатысты мәлімдеме жасады,деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы балалар омбудсмені әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

«Бұл оқиғада біраз сұмдық бар, соның бірі – балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаларға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергелуде», - деді балалар омбудсмені.

Динара Зәкиеваның мәліметінше, бұл қылмыс бойынша ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Қазір бұл іс сотқа жіберілген. Сонымен қатар ол мұғалімдер мен тиісті орган қызметкерлері жауапқа тартылады.

«Мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт», - деп жазды Д.Зәкиева.