Жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтылады

Бүгін, 10:50
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтылады
Фото: Freepik.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіптік бағдарлау, дағдыларды дамыту және кадрлар даярлау саласында жаңа цифрлық платформаларды іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мансап компасы» цифрлық сервисі пайдаланушыларға кәсіп таңдауға және мансабын жоспарлауға көмектеседі. Платформа еңбек нарығындағы ағымдағы трендтер, сұранысқа ие кәсіптер, оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат береді.

Skills Enbek онлайн плафтормасы дағдыларды дамытуға және мамандарды қайта даярлауға бағдарланған. Қазіргі уаықтта онда 340 тегін курсты қоса алғанда 1 301 курс бар. 811 мың қолданушы тіркелген.

Enbek.kz порталында студенттік практиканы ұйымдастырудың цифрлық функционалы іске асырылды.

Ұлттық білім беру деректер базасынан (ҰББДБ) және Жоғары білімнің бірыңғай платформасынан (ЖББП) алынған деректер негізінде студенттің түйіндемесінің жобасы автоматты түрде қалыптастырылды. Онлайн-режимде практика шартын рәсімдеу, күнделікті жүргізу жіне оны жұмыс берушімен келісу қолжетімді. Бұл шешім студенттер, ЖОО-лар және жұмыс берушлер арасында тиімді байланысты қамтамасыз етіп, жұмыспен қамту жүйесін цифрландыруға ықпал етеді.

Жыл сайын ҚР-да 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында кәсіби стандарттарды әзірлеу және жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол Министрліктің 8 саласы бойынша 88 кәсіби стандартты әзірлеу және жаңарту жоспарланған, бұл 544 мамандықты қамтитынын атап өтті. Кәсіби стандарттарды енгізу арқылы нақты сектордың кадрға деген сұранысы мен білім беру жүйесі арасындағы үйлесімділік қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады

Оның айтуынша осыған байланысты, өндірістік ортаға бейімделген білікті кадрларды даярлаудың тиімді тетігі ретінде дуалды оқыту жүйесін дамыту ерекше маңызды болып отыр.

Өнеркәсіп салалары үшін дуалды оқыту 284 колледжде жүзеге асырылуда (өңдеу өнеркәсібі бойынша 164 колледжде), және оған 700-ге жуық кәсіпорындар тартылған

Кәсіпорындармен жасалған келісімдер мен меморандумдар аясында 30-дан астам білім беру бағдарламалары іске асырылуда.

«Нәтижесінде жыл сайын 13 мыңға жуық жас маман жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ жүйелі түрде мыңдаған оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру іс-шаралары өткізіледі. Былтыр 2000-нан астам студент кәсіпорындарда тәжірибеден өтті. Озық білім беру технологияларын енгізу мақсатында халықаралық әріптестікті дамыту жалғасуда», - деп толықтырды Иран Шархан.