00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жолдауда әр сала бойынша нақты тапсырмалар жүктелді – Мәдина Әжікенова

4 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жолдауда әр сала бойынша нақты тапсырмалар жүктелді – Мәдина Әжікенова
фото: Elordainfo

Мемлекет басшысы  өз Жолдауында  әр сала бойынша  дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыттарды  ұсынды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты  Мәдина Әжікенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді.Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы». Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек» дей келе Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан кедергілерді алып тастау керектігін айтты. Бұл – өте дұрыс шешім. Өйткені бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлерге бірінші кезекте қолдау қажет екені рас, - деді депутат.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев нарықта белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындарға қолдау көрсету қажет екенін айтты. Мемлекет басшысы мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірленетінін жеткізді. 

Жолдауда «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керектігі айтылды.

Мен осыдан сегіз жыл бұрын «Бизнестің жол картасы» арқылы тиімді шартпен несие алып, өз кәсібімді бастадым. Қазіргі кезде көп адам бизнеспен айналысып жүр. Олардың әрқайсысы Президенттің Жолдауында айтылғандармен толық келіседі. Өйткені Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолдайды. Сондай-ақ олардың өз ісі жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Жолдауда әр сала бойынша айқын бағыт-бағдар көрсетіліп, нақты тапсырмалар жүктелді, - деп сөзін түйіндеді Мәдина Әжікенова,