Жаз маусымында қосымша пойыздар жолға шығады

8 мамыр, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Жаз маусымында қосымша пойыздар жолға шығады
фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы жаз мезгілінде 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл шешім жолаушылардың демалыс маусымындағы жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қабылданды.

Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізіліп, бірқатар бағыт бойынша қатынау жиілігі арттырылатын болады.

2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында төмендегі пойыздар қатынайтын болады: 

1.№253/254 «Астана — Достық»  (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.

2.№207/208 «Алматы — Жаланашкөл»  (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.

3.№211/212 «Алматы — Достық»  (Тальго) пойызы күнара қатынайды.

4.№221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.

5.№457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара қатынайды.

6. №459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды.

7.«Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

8.«Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

9.«Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

10.№201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын жүреді. 11.№203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.

Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді жөнелту күніне 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып ала алады.