00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жасанды интеллект әкімшілік істер бойынша процестерге енгізілді

Жасанды интеллект әкімшілік істер бойынша процестерге енгізілді
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Цифрлық прогрестің жылдамдығы сот қызметіндегі өзгерістерді талап етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Жоғарғы cоттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жақында роботтандырудың ауқымы сот істерінің ең көп массивін – әкімшілік істерді қамту үшін кеңейтілді. Яғни, ӘҚБтК-нің 610-бабында жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы қарастырылған.  2023 жылы бұл бап бойынша 129 мың материал келіп түскен. Биыл жылдың 6 айында - 83 мың материал.  Іс сотқа жіберілгеннен кейін барлық жұмысқа судьялар мен  сот қызметкерлері тартылды. Бұл өз кезегінде көп уақытты алады», - деп жазылған хабарламада.

Жоғарғы cоттың баспасөз  қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, роботтандыру арқылы істерді өңдеу тездетіледі.

«Енді бұрынғы 3 күннің орнына, енді бар болғаны - 10 минут уақыт кетеді. Сот актісі бірден күшіне енеді, ал бұрын 10 күн уақыт кететін. Жалпы, сот жүйесі роботтандыру осы айдан бастап, ай сайын - 1,5 мыңнан астам істі, ал республика бойынша ауқымды болса, жылына - 100 мыңнан астам істі немесе барлық істердің кем дегенде үштен бірін қамтиды деп күтілуде», - деп жазылған хабарламада.