Жаңбыр жауып, жел күшейіп, тұман түседі
Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке сүйенсек, еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Соның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, тек батыста және солтүстік-батыста жаңбыр жауады, ал шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша тұман түсіп, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында екпінді жел соғады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°C, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +15+17°C.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.