00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

28 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің бүгінге жасаған болжамына сәйкес еліміздің батыс жартысынан өзге аймақтарында жауын-шашынды болады, деп хабарлады Elorda.info

«Қазгидромет»  мекемесі берген мәліметке сүйенсек, Түркістан облысы мен Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста екпінді жел күтіледі", - делінген ведомство таратқан болжамда.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.