00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды қалай таңдау керек?

27 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды қалай таңдау керек?
Фото: freepik

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті жаңажылдық тәтті сыйлықтарды таңдау себебін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңа жылдық сыйлықтар мен басқа да кондитерлік өнімдерді азық-түлік өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізу үшін қажетті жағдайлармен, сатушылардың жеке гигиена қағидаларын сақтау шарттарымен қамтамасыз етілген сауда орталықтары мен дүкендерден сатып алуға кеңес береміз.  

Сыйлықтың қаптамасы герметикалық, таза болуы тиіс. Жаңа жылдық сыйлықтың таңбалауы (затбелгісі) – түсінікті, оқуға оңай, шынайы; таңбалау тәсілі оның жарамдылық мерзімі ішінде сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар міндетті түрде сыйлықтың таңбалауында сыйлықтың атауы, сыйлықтың құрамына кіретін кондитерлік бұйымдардың атауы, буып-түю күні, жарамдылық мерзімі және жалпы орамды сақтау шарттары, мекенжайы (орналасқан жері), дайындаушының фирмалық атауы, ЕАС белгісі болуы тиіс.

Сатып алу күніне ең жақын орау күні бар сыйлықты таңдау керек, сондай жағдайда кәмпиттер, вафли және печенье жаңа дайындалған болады.

Жиынтықтың құрамында дәм мен хош иісті күшейткіштер, консерванттар (Е200, Е202, Е210, Е 249), синтетикалық бояғыштар, гидрогенезделген майлар, табиғи кофе болмауы тиіс.

Өрік дәндері, жержаңғақ бар сыйлықтардан аулақ болу ұсынылады, өйткені оларды балалардың тамақтануында қолдану ұсынылмайды. Сондай-ақ құрамында алкоголь (0,5%-дан астам этанол) бар карамель, мұз кәмпиттер мен кәмпиттерден құралған жиынтықтарды сатып алмау ұсынылады.

Айта кетейік, тұтынушы сатушыдан сатып алынатын жаңа жылдық сыйлық пен қаптаманың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды (сәйкестік туралы декларацияны) талап етуге құқылы.