Жаңа туған сәби мен жас ана мінген лимузин қар құрсауынан шығарылды
21 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Жаңа туған сәби мен жас ана мінген лимузин қар құрсауынан шығарылды
Қатты аяз бен боранға байланысты тәртіп сақшылары жол бойында тәулік бойы патрульдеу жүргізеді. Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік инспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді байқады. Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанда қарға кептеліп қалғанын айтқан. Учаскелік инспектор оны қызметтік көлікпен сүйреп шығарып, үйіне дейін жеткізіп салды.
Анасы мен шақалақ үйіне аман-есен жетіп, тусқандарына табысталды – деді полиция қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:47
«Қазақстан отбасылары»: Елордада ұлттық баяндаманың таныстырылымы өтті
Бүгін, 13:55
ҚХА қазақ тілін дамытуға қалай үлес қосып жатыр
Бүгін, 12:24
Шымкентте судья жазасын жеңілдету үшін 110 млн теңге пара беруге итермелеген
Бүгін, 10:59
Немересі ата-әжесінің атынан 4 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген