00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Заңсыз алтын өндіріп, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

28 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Заңсыз алтын өндіріп, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: freepik

Астана және Шымкент қалалары мен Ақмола облысы аумағында аса ірі көлемдегі бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан топ мүшелері ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бес күдікті Бестөбе кентінде алтынды заңсыз өндірген және қайта өңдеп сатып алумен айналысқан. 

Кейіннен алтын құймалары жерасты цехтарында белгілі сауда маркаларының зергерлік бұйымдары ретінде дайындалып, Астана мен Шымкент сауда үйлерінде сатылған.

«Тінту барысында 35 млн теңгеден астам сомаға 99,5% алтын бар 1 килограмнан астам алтын құйма және сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйымдар тәркіленді. 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қазанға дейін күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асты. Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылып, оның 3 қамауға алынды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат таратылуға жатпайды.