00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Заңсыз аң аулаған 45 жастағы азамат анықталды

2 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Заңсыз аң аулаған 45 жастағы азамат анықталды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында заңсыз аң аулаған азамат анықталды. Үржар ауданының қорғалатын табиғи аумағында 45 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Нива автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан жабайы қабанның бөлінбеген ұшасы табылды. Оны атуға ұсталған адамның рұқсат құжаттары болмай шықты. Ұсталған тұрғыннан 16 калибрлі бір тегіс ұңғылы мылтық та тәркіленді. Аталған факт ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта жануардың түрін анықтау және атылған қабанның жойылып кету қаупі бар-жоғын немесе пайдалануға тыйым салынған жануарды анықтау мақсатында сот-сараптамалық биологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар баллистикалық сараптама тағайындалды. Осы қылмыстық істің сараптамаларының қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.