Қытай мен Өзбекстан шекарасында 4 жаңа кеден бекеті іске қосылды

Бүгін, 10:44
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қытай мен Өзбекстан шекарасында 4 жаңа кеден бекеті іске қосылды
Фото: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекаралас 9 өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жоба аясында ескірген инфрақұрылымды толық ауыстыра отырып, заманауи жаңа өткізу пункттерінің құрылысы көзделген.
Жаңа нысандар халықаралық стандарттарға сай салынған және көлік құралдарын сканерлеуге, тексеруге және автоматты өлшеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.
2025 жылдың басынан 4 жаңғыртылған өткізу пункті іске қосылды:
Қытаймен шекарада – «Көлжат» және «Алакөл»;
Өзбекстанмен шекарада — «Қапланбек» және «Атамекен».
Ағымдағы жылдың соңына дейін «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», «Майқапшағай» және «Бақты» бес өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.
Жаңа пункттерде шекараны ыңғайлы және қауіпсіз кесіп өту үшін барлық жағдайлар жасалған.
Көлік қозғалысы жолағының саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды, бақылау жүргізушінің кабинасынан шықпай-ақ өтеді, ал процестердің толық автоматтандырылуының арқасында шекарадан өту уақыты орта есеппен 30 минутқа дейін қысқартылды.
Мұның ерекшелігі «бір терезе» қағидаты бойынша қосымша тоқтатусыз бақылаудың барлық түрлерінен үздіксіз өтуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық дәліз болып табылады.
Жалпы Қаржы министрлігі өткізу пункттерін жаңғырту, кедендік рәсімдерді цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ шекара маңы сервисін дамыту жөніндегі шаралар кешенін кезең-кезеңімен іске асыруда.
Мәселен, 2023 жылдан бастап ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық автомобиль өткізу пункттерінде «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі енгізілді. Бұл республикалық маңызы бар автожолдарда автокөлік құралдарының нақты жиналуын жоюға, тасымалдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

76 бизнес-процесс оңтайландырылды, бұл АКҚ-ның өткізу пункттері арқылы өтуінің орташа уақытын үш есеге қысқартты. 3 автохаб және 1 көлік-логистикалық орталық іске қосылды. «Нұр Жолы» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды, «Алакөл» және «Майқапшағай» өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұзартылды.
2024 жылдан бастап 20 модульмен бірыңғай цифрлық платформа «Кеден» жүйесі енгізілуде, бүгінгі күні оның 13 модулі жұмыс істеуде. Декларациялаудың, форматты-логикалық бақылаудың электрондық форматы енгізілді, «Қорғас» ШЫХО-да тауарларды есепке алу толық цифрландырылған. Интеграцияланған бақылау қызметтері автоматтандырылды, транзит рәсімі жеделдетілді, жеке кабинет арқылы қашықтықтан өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.
Өткізу мүмкіндігі 2022 жылы 640 мың көлік құралынан 2024 жылы 1,4 миллионға дейін өсті. Жаңғырту ашықтыққа, тауар ағынын жеделдетуге, шекара маңы экономикасын дамытуға бағытталған.