00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұялы байланыс операторларына қатысты тексеріс басталды

27 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұялы байланыс операторларына қатысты тексеріс басталды
Фото: Elordainfo.kz/Мария Конюхова

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлады Elorda.info

Биыл ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша баға 7,7%-дан 57,3%-ға дейін өскен.

Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпарат жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген, – делінген агенттік ақпаратында.