00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ТЖМ құрамында төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды

16 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
ТЖМ құрамында төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды
фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты бақылауды жүзеге асыру мақсатында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды. Жаңа комитет ТЖМ құрамында қолданыстағы Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің базасында ашылған, деп хабарлады Elorda.info.

«Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес азаматтық қорғаудың он бір міндетінің бірі төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою болып табылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындау уәкілетті органның, орталық, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың басшыларына олардың құзыреті шегінде жүктеледі.

«Ұсынылып отырған ұйымдық штаттық іс-шараларды іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын талап етпейді. Өзгерістер ТЖМ-нің қолда бар штат саны шегінде жүргізілетін болады», - делінген хабарламада.