00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Тырнақты қалай күтуге болады?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тырнақты қалай күтуге болады?

Нәзік жандылар əрқашан тырнақты өсіріп, бояғанды жақсы көреді. Көбі тырнақ күтімін сақтау үшін сұлулық салонына ай сайын барады. Бірақ, үй жағдайында да тырнаққа күтім жасауға болады. Осы тақырыпқа байланысты Elorda.info тілшісі оқырмандарға тырнақ күтіміне байланыста бірқатар кеңес ұсынады. 

Біріншіден, қолды ұқыппен күту қажет. Оны желден және аяздан, сонымен қатар тұрмыста көп қолданылатын химиялық заттардан қорғаған жөн.

Екіншіден, бьюти индустрияда тырнақты жылы суға салу қарапайым күтім болып саналады. Тырнақты ылғалдандыру үшін қыз-келіншіктер суға түрлі майлы қоспа тамызып, тұз қосып жатады. Дәрумендер мен микро элементтер тырнақтың сынуына жол бермейді. Бұл әдісті аптасына бір рет жасау қажет. 

Үшіншіден, тырнақ үшін тағы бір маңызды жайт ол - маникюр. Егер маникюр дұрыс жасалса, қысқа тырнақтар бояусыз да әдемі көрінеді. Маникюрді үйде жасағанда тазалықта сақтау қажет. 
Тырнақ егеуін дұрыс пайдалану оның алдағы уақыттағы өсіп шығуына әсер етеді. Теріні зақымдамай өсік тырнақ еттерін қысқышпен алу маңызды. Кейін қажетіңізге қарай бояу жағуға болады. Тырнақ саулығын сақтау үшін құрамында ацетоны жоқ лак кетіргіш сұйықтығын пайдаланған жөн.

Төртіншіден, тырнақ қатаю үшін дұрыс тамақтану да маңызды. Сүзбе және айран ішу арқылы тырнақ берік әрі тез өседі. Үнемі бояумен жүру зиян. Сондықтан да кейде бояусыз жүрген абзал.