Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
16 қаңтар, 2025


фото: Астана қаласы әкімдігі
Астанада 18-19 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істемек.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:26
Астанада алдағы күндері қай көшелер жабық болады

Бүгін, 12:15
Құрбан айттың бірінші күні 35 мыңға жуық отбасыға ет таратылды – Діни басқарма

Бүгін, 07:03
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

6 маусым, 2025
Елордадағы автобус апаты: зардап шеккен баланың отбасына қандай көмек көрсетіліп жатыр