Түркістанда Woosong университетінің филиалы ашылады
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Woosong» білім беру қорының төрағасы Ким Джон Хенмен кездесті. Кездесуге «Woosong» білім беру қоры мен университетінің, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Түркістанда Woosong университетінің филиалын ашу, қазақстандық жоғары оқу орындары мен «Woosong» білім беру қорының өкілдерімен бірге университетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау.
Министр ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтіп, Түркістанда филиал ашу үшін бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу қажет екенін атады. Тараптар кездесу барысында жаңа университетті жобалау критерийлерін талқылады. Сондай-ақ министр ішкі модульдерді дайындаудың және бағдарламаны егжей-тегжейлі талқылаудың маңыздылығын атап өтті, - деп жазылған хабарламада.