00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Тоқаев Мәскеудегі қайғылы оқиғаға байланысты Путинге көңіл айтты

23 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев Мәскеудегі қайғылы оқиғаға байланысты Путинге көңіл айтты
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.