Таңертең тұман, түнде аяз болады
10 қазан, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
10-12 қазанда оңтүстік және шығыс облыстарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында түнде аяз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде 5 градус суық болса, күндіз 7 градус жылы, батыста күндіз 5-18 градус жылы, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік пен орталықта 5-13 градус аралығында жылы болады.
"Оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі", – деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді