Түркістан облысында жер телімдерін заңсыз рәсімдеген лауазымды тұлғалар ұсталды
Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби ауданының арнайы жер қорындағы жерлерге заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады Elorda.info.
Қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326млн. теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеген деген күдікке ілінді.
Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылы анықталып жатыр, - деп көрсетті Түркістан облыстық прокуратурасы.