Түркістан облысында баялдының алғашқы өнімі жиналды
фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Жетісай ауданының диқандары биылғы баялдының алғашқы өнімін жинады, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригациясы министрлігіне сілтеме жасап.
Шаруалар суармалы су уақытылы берілгендіктен өнім мол әрі сапасы жоғары екенін айтып жатыр.
«Баклажан ектік. Су уақытылы келді. Бәріне рақмет. Алғашқы өнімімізді жинап жатырмыз, сапасы жақсы»,- деді Жетісай ауданының диқаны Гафуржан Махмуд.
Түркістан облысындағы «Қазсушар» филиалы диқандарды суармалы сумен қамту үшін мекемеге тиесілі су көздерінен 1,4 млрд текше метрден астам су алды. 120 мың гектарға жуық егіс алқабы суарылды.
Оның ішінде Жетісай ауданының шаруаларына 183 млн текше метрден астам су беріліп, 18,6 мың гектар жер суарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 20:05
Ақылы трассаларда жылдамдықты асырғандар автоматты түрде тіркеледі
Бүгін, 14:42
Жеке тұлғаларға арналған автолизинг: Сауда министрлігі жаңа жобаны талқылауға шығарды
Бүгін, 11:21
Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары кісі қолынан қаза болды
28 қазан, 2025
Әскери оқу орындарында қандай жаңашылдықтар бар
