Тұмшалануға тыйым салынды: полиция бұған қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр


Қазақстанда 12 шілдеден бастап, қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заң күшіне енді. Қазір полицейлер заңнамадағы өзгерістерді азаматтарға түсіндіріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құзырлы орган өкілдерінің түсіндіруінше, заңнамаға енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың тұлғасын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау.
-қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау;
-азаматтық қорғау кезінде;
-сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысатын адамдарға қолданылмайды.
Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ бет-әлпетті толық жабатын киімге қоғамдық орындарда тыйым салу туралы жаңа шектеулерге қатысты мәлімдеме жасаған еді.



