00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тұман, жел, көктайғақ: 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

12 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тұман, жел, көктайғақ: 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктердің болжауынша, тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.

Жауын-шашын болады, негізінен бұрқасынмен бірге қар түрінде, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, ал кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі оқтын-оқтын қатты жауын-шашын болады, - делінген хабарламада.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -27-29°C, күндіз -11-13°C.

Алматыда күн бұлтты болып, түнде қар жауып, көктайғақ болады. Кейде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -4-6°C, күндіз 0,+2°C.

Шымкентте түнде қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -2-4°C, күндіз +6+8°C.