00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды

29 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Көкшетау қаласында су тасқынына байланысты ашылған уақытша орналастыру орталықтарына азаматтарды эвакуациялау жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақмола облысында 113 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта еріген қардың суын сору жұмыстары жалғасуда.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс үзіліссіз ауысыммен жүргізілуде, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.