«Соңғы тексерістерден өттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы жайлы айтты
28 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан
коллаж Elorda.info
Танымал актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы жайлы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Ал өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Қалай екенін білмеймін. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Сол арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйырса, ол да өз уақытымен. Сонымен уайымдайтын диагноз емес (ашып айта алмаймын).
Бастысы, ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін, - деді актриса.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді