05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Әскери қызметші жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

|
Photo: Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Әскери қызметші жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

|
Photo: Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астана – Степногорск автожолында Hyundai Creta және Chevrolet Niva көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы сәтте Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 3517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі  Ақкөл ауылынан  Степногорск қаласына бара жатқан еді.

Оқиғаны байқаған қатардағы Бауыржан Ахметов бірден жол-көлік оқиғасы болған көліктерге жақындап, жарақат алған жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Мен тек өзімнің міндетімді орындадым. Қиын сәттерде әскери қызметшілер әрдайым адамдарға қол ұшын созуы керек», - деді аға санитарлық нұсқаушы Бауыржан Ахметов.

Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендердің жағдайы медицина қызметкерлері келгенге дейін тұрақталды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ұландықтың кәсібилігін жоғары бағалап,  оның әрекеттерінің дұрыс болғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗