Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

фото: Оңалхан Өнерхан
Қазгидромет еліміз бойынша 31 қазан мен 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Көктайғақ пен тұман болжанған. 1 қарашада республиканың батысында нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді.
Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда:
батыста +12+17°С;
солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С;
солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С;
оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С;
ал таулы аймақтарда +3+8°С.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:15
ҚР Қарулы күштері Мәскеуде «Спасск мұнарасы» фестивалінде өнер көрсетеді

Бүгін, 16:12
Венгриялық компания елімізде бал өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 15:53
Түркістан облысында ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдік ұсталды

Бүгін, 14:07
Руслан Берденовке қастандық жасаған ер адам 9 жылға сотталды