Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүктер шаттл пойыздар арқылы жедел жеткізіліп жатыр
Гуманитарлық жүктері бар 200 контейнер Қазақстан арқылы Қытайдан ТХКБ бағыты бойынша Түркияға шаттл-пойыздармен жеткізіледі, деп хабарлады Elorda.info.
Алғашқы пойызда елу 40 футтық контейнер бар. Тағы да 150 контейнер жөнелтіледі деп жоспарлануда. Шаттл-пойыздар операторы – «KTZ Express» АҚ.
Қазақстан аумағы арқылы жүк Каспий теңізіне (Ақтау порты), одан әрі Әзірбайжанға, Грузиядан Мерсин қаласына (Түркия) дейін жеткізіледі. Қазақстан аумағы бойынша пойыз рекордтық қысқа мерзімде – 90 сағатта жүріп өтеді. Жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыруға арналған шатырлардан тұратын гуманитарлық көмекті жеткізудің жеделдетілген мерзімдері шаттл қызметі арқылы мүмкін болды.
Осы сервистің пайда болуымен ҚХР-дан Грузия порттарына дейін жүктерді жеткізу мерзімі үш есеге – 15 тәулікке дейін, Түркия порттарына 25 тәулікке дейін қысқарды. Сервисті ұйымдастыру үшін бірқатар шаралар қабылданды, Алтынкөл станциясынан аптасына 3 рет жөнелтілетін нақты уақыты бар кесте анықталды.
Қызметтің негізгі артықшылықтары – жоғары жылдамдық, тиімді жоспарлау, белгіленген тарифтік шарттар. Барлық шаттл пойыздары жол бойында кідіріссіз кестеге сәйкес жүреді.