00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Семейде күдікті азаматты азаптаған полицей қамауға алынды

Семейде күдікті азаматты азаптаған полицей қамауға алынды
коллаж Elorda.info

Семейде күдікті азаматты азаптаған полицей қамауға алынды

Оған қылмыс жасағанын мойындату мақсатында ҚК-тің 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылған. 

«Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады. Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.