00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Саяси қуғын-сүргінге қатысты терминдер жинағы дайындалып жатыр

12 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Саяси қуғын-сүргінге қатысты терминдер жинағы дайындалып жатыр
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мемлекет тарихы институты мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалау кеңсесі жұмыс басымдықтарын талқылады, деп хабарлады Elorda.info

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, осы орайда, жобалық кеңсесінің басшысы С.Қасымов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен бірге саяси-қуғын сүргінге қатысты терминдер жинағы да дайындалып жатқанын жеткізді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ақтау шаралары ұлттық жадымыздың қайта жаңғыруымен бірге азаматтық сана-сезімді бекіте түседі. Біздің ұлттық бірегейлігіміздің де өзегі осы кезеңмен тұспа-тұс келеді, - деді институт директоры Н. Пұсырманов. 

Бұдан әрі зерделеу ісі бойынша ынтымақтастық тереңдемек.

Еске салар болсақ, осы жылдың 5 шілдесінде Астананың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекет тарихы институты мен Астана қаласының Мемлекеттік архиві өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында «Тарих сыры - архив деректерінде» жобасы іске қосылды.