00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Сарбаздар 3 жасар қыздың өмірін сақтап қалды

4 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Сарбаздар 3 жасар қыздың өмірін сақтап қалды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен

ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Түркістанда 3 жасар қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға түскі сағат 14.00 шамасында Құдайбергенов көшесіндегі дүкендердің бірінде болған.  Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жағдай кенеттен басталды: «Volkswagen» маркалы көліктен қолында кішкентай қыз бар ер адам жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрады. Бұл жағдайды байқаған әскери қызметшілер ойланбастан көмекке келді. Қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков жағдайды бағалап, дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті, ал осы уақытта сержант Жанболат Дүйсенбай жедел жәрдем шақырды.

Уақтылы көрсетілген алғашқы медициналық көмек жедел жәрдем келгенге дейін қыздың жағдайы тұрақталды. Әскери қызметшілердің кәсібилігі мен табандылығы баланың жағдайын тұрақтандыруда шешуші рөл атқарды.

«Біз әрқашан мұқтаж адамдарға көмектесуге дайынбыз. Бұл біздің жұмысымыз және жауапкершілігіміз», - деп атап өтті қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков.

Қыздың отбасы әскери қызметшілерге жедел әрекеттері мен кәсібилігі үшін  алғысын білдірді. «Біз олар болмағанда не істейтінімізді білмейміз. Олар нағыз батырлар», - деді қыздың анасы.

Кейін  қыздың ата-анасы Түркістанда орналасқан 6506 әскери бөлімінің 3 жедел мақсаттағы батальонына әскери қызметшілерге ерлігі үшін жеке алғыс айту үшін арнайы келді.