«Сағыныш сезімі болатыны рас» Ақбота Керімбекова қолы жетпеген арманын айтты
Белгілі әнші Ақбота Керімбекова әншіліктен бөлек те арманы болғанын, бірақ оның не үшін орындалмай қалғандығы туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Ол Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген кезінде Астанадағы театрлардың біріне жұмысқа шақырылғанын айтты. Өзінің айтуынша сол кездегі отбасылық жағдайына байланысты Алматыда қалу керек болған. Бұл туралы өнер иесі «Хабар» арнасындағы «Оян» бағдарламасында айтты.
Біз оқу бітіргенде тобымызды Астанаға алып кетеміз деді. Сол кезде мен тұрмысқа шықтым. Алматыда қалып қалдым. Көбісі қазір Астанада жүр. Театрға кейде барамыз ғой. Сол кезде көзге жас келеді. Кейде неге бір рөлді сомдап орындамасқа? Неге киноға түспеске? деп ойлап қаламын. Сағыныш сезімі болатыны рас. Сәті түсетін де шығар. Актер мамандығын бітірдім екен деп, мәселе киноға түсе беру керек емес қой. Өнер академиясы сол бір сахнаның төңірегі ғой. Бұйртса, әлі де үмітім бар. Театрда ойнап, киноға түскім келеді, - деді әнші.