Сұйықтық, тосап, сүт өнімдері: енді әуежайларда тасымалдауға тыйым салынған заттар қайтарылмайды

Бүгін, 11:37
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views45
Сұйықтық, тосап, сүт өнімдері: енді әуежайларда тасымалдауға тыйым салынған заттар қайтарылмайды
фото: Оңалхан Өнерхан

Ел әуежайларында тексеру кезінде тәркіленген, тасымалдауға тыйым салынған заттар сақталмайды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, өзгеріс халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жолаушыларға қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін енгізіліп отыр.
Ережеге сәйкес, қол жүгінде 100 миллилитрден асатын сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер, сонымен қатар қауіпті заттарды алып өтуге болмайды. Зауыттық қаптамасы жоқ бал, тосап, сүт өнімдері және үй тағамдары да ұшаққа кіргізілмейді. Мұндай өнімдер тәркіленіп, жойылады.
Көлік министрлігі жолаушыларға қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін заттарды өздерін шығарып салуға келген адамдарға тапсыруға болатынын еске салды.
Жолаушылар үшін тыйым салынған заттардың толық тізімі әуежайлардың ресми сайттарында, тіркеу сөрелерінде және тексеру бекеттерінде қолжетімді.