00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үш өңірдегі оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды

21 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үш өңірдегі оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.

Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.

Алғаш рет 5-8, 10-сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді.

2023-2024 оқу жылының аяқталуында «Білімім Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді.

Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.