Астанада Айтматов көшесінде автобус жолағы енгізіледі
Маусымның 15-нен 16-на ауысқан түні Ш. Айтматов көшесінде Bus Line қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ енгізіледі, деп хабарлады Elorda.info CTC-ке сілтеме жасап.
Ол Ш. Қосшығұлұлы көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскені қамтиды, жалпы ұзындығы 10,5 км болады.
Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл - осы жылы 7-учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. Бұған дейін айтқандай, бөлінген жолақтар Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Р. Қошқарбаев даңғылы енгізіледі.
Bus Line қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.