Рудныйда заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды
Рудныйда тиісті лицензиясыз «Bitcoin» өндірумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Заңсыз «майнерлер» 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген.
Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.
Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген «Bitcoin» түскен криптобиржадағы аккаунтарды анықтады.
«Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне жәнекриптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды», - деп көрсетті Қаржылық мониторинг агенттігі.