Референдум: 7 млн 62 мың адам дауыс берді
АЭС бойынша референдум барысында 7 млн 62 мың адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Комиссия мүшесінің атап өтуінше, 16:00-дегі жағдай бойынша 7 062 358 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 57,68 пайызын құрайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды, - деді ол.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 58,12%;
2. Ақмола облысы бойынша – 63,50%;
3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,41%;
4. Алматы облысы бойынша – 64,09%;
5. Атырау облысы бойынша – 56,61%;
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82%;
7. Жамбыл облысы бойынша – 53,58%;
8. Жетісу облысы бойынша – 58,86%;
9. Қарағанды облысы бойынша – 62,86%;
10. Қостанай облысы бойынша – 67,57%;
11. Қызылорда облысы бойынша – 76,15%;
12. Маңғыстау облысы бойынша – 47,70%;
13. Павлодар облысы бойынша – 58,70%;
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%;
15. Түркістан облысы бойынша – 70,73%;
16. Ұлытау облысы бойынша - 63,85%;
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33%;
18. Астана қаласы бойынша – 46,30%;
19. Алматы қаласы бойынша – 20,57%;
20. Шымкент қаласы бойынша – 66,48%.
Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды.
Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те берілетін болады.