00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жалғасып жатыр

7 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жалғасып жатыр
фото: Elordainfo

Бүгін “Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу” жобасының ақпараттық жиыны өтті, деп хабарлады Elorda.info

Жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бастамашы болды. 

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында өткен жиынның модераторы Әли Көмекбаев іс-шараның мақсатын түсіндіріп өтті. 

Президенттік жастар кадр резерві” осыған дейін екі мәрте өтті. 2019 және 2021 жылдары. 2019 жылы 300 адам, 2021 жылы 50 адам резервке алынды. Сол 350 адамның ішінен 75%-ы осы уақытқа дейін басқару лауазымдарына тағайындалды. Қажеттілікке байланысты бұл бастама республика бойынша тағы жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйектен бастап бірінші кезең басталды. Яғни, құжаттарды қабылдау сатысы. Жалпы, іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Резервке өткен үміткердің конкурссыз басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндігі бар, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әли Көмекбаев. 

Жиын барысында “Президенттік жастар кадр резервінің” резервшілері өз жетістіктерімен бөлісті. 

Кадрлық резервке 2021 жылы қатысып, 8000 үміткердің ішінен 50 адам іріктеліп шықтық. Резервке өту үшін жасы 35-ке дейінгі еліміздің кез-келген азаматы өзінің білімі, еңбек өтілі жайлы құжатты порталға жүктеп, мемлекеттік тесттерден өтеді. Бұл тесттер“Qazaq resmi test” немесе “Qaztest” порталдары арқылы тапсырылады. Сондықтан тестке жақсылап дайындалған дұрыс. Сондай-ақ вербалды және цифрлық тесттер болмақ, оған Google-ден үлгілері арқылы дайындалуға мүмкіндік бар, - деді Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының орынбасары, ПЖКР мүшесі Олжас Бейсенбаев. 

Бұдан басқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы, ПЖКР  мүшесі Мирас Қарғабай, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жанындағы “Келешек” жастар кеңесінің төрағасы Аян Сәлімгереев өз тәжірибелерімен бөлісіп, резервші болуға ниетті жастарға кеңестерін берді. 

Салтанат Мұратқызы