00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полицейлер интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады

20 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Полицейлер интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады
Фото: polisia.kz

ШҚО-да полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адамдарды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, олар азаматтарды алдау үшін алаяқтық схемаларды қолданып, жалға алынған пәтерде қылмыстық істерін жүзеге асырған.

Полиция күдіктілердің үйінен қылмыстық әрекеттерінің заттай дәлелдерін тауып, тәркілеген. Бастапқы алынған мәліметтер бойынша, 28 және 29 жастағы екі ер адам азаматтардың сеніміне кіре отырып, қолма-қол ақша мен жеке деректерін алу үшін әртүрлі онлайн платформаларды пайдаланған. Олардың іс-әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын шамамен 1 миллион теңгеге бағаланды.

Қазіргі уақытта тергеу ісі жалғасуда, тәртіп сақшылары ұсталғандардың басқа алаяқтық фактілеріне қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жұмыс істеп жатыр.